• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жаңа заң жобасы мемлекеттік және жеке меншік серіктестіктің келісім шарт тізімін кеңейтеді – ҰЭМ 10.02.2015

«Мемлекеттік және жеке меншік серіктестіктің кейбір заңнамалық актілеріне  толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы МЖӘ келісім шарттық пішінін кеңейтеді.

«МЖС келісім шарттық пішінін кеңейту қарастырылуда. Ол өмірлік цикл, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік конструктивті жұмыстардың, сервистік, лизингтік келісім шарттарды енгізе отырып жүзеге асырылады», - деді Құсайынов.

Құсайынов атап өткендей, өмірлік айналымның келісім шарты  - МЖӘ нысандарының жобалауы мен құрылысына жауап беретін толық жұмыстардың айналымы. Мәселен темір жолдың құрылысы мен қызмет көрсетуі.

Инновациялық МЖӘ жаңа технологияларды әзірлеуге, жаңа технологиялық үрдістер мен техникалық регламентті жетілдіруге  бағытталған.

«Мәселен, АӨК саласында: ҚазАгро техниканы сатып алып, фермерлерге лизинг ретінде ұсынады. Келісім шарт тарапы қаржы ұйымдары болса ол жұмысты тартымдырақ ете түседі», - деді ол.

Заң жобасы МЖӘ туралы келісім шарттың құрылымын, мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының барлық аспектілерін, мемлекеттік қолдау шаралары, дауларды шешу сынды салаларды анықтайды.

Индира Кауметова


Back to the list