• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжілісте мемлекеттік және  жеке меншік серіктестік саласындағы заң жобасы таныстырылды 10.02.2015

Аталмыш заң жобасы Мемлекет басшысының мемлекетпен бизнестің инвестициялық саладағы ұзақмерзімді өзара қарым-қатынасы аспектілерін кешенді реттеу  қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында жасақталды.

«Заң жобасының мақсаты - мемлекет пен жеке сектордың ұзақмерзімді ынтымақтастығына септігін тигізу және нығайту», - деп атап өтті Құсайынов.

Сонымен қатар, заң жобасының тағы бір міндеті жеке секторды мемлекеттік активтерді басқаруға тарту, бюджетке түсетін салмақты төмендету, инвестиция тарту және т.б.

«Заңнамамен МЖС екі негізгі түрі бекітілген, біріншісі келісім шарттық (концессия) болса, екіншісі институционалды», - деп жалғастырды Құсаинов.

Айта кетерлік жайт, бұл заңжобасы сабақтас заңнамалық актілерін қағидаларын өзара үйлестіруді де көздейді. Халық МЖС жобаларынан сапа және баға тұрғысында пайда көреді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары да ашылады.

«Заңнамада МЖС қатысушылар мен қолдану салалары реттеледі, оның келісімшарттық үлгілері кеңейтіледі, келісімшарттың құрылымы да нақтыланады»,  - деп мәлімдеді ҰЭМ бірінші орынбасары.

Өз кезегінде МЖС жобалары жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін  жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді, жаңа табыс көзін ашады және жеке кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізеді.

Мемлекет еліміздің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде жеке бизнестің ресурстарын тартуға мүмкіндік алмайды.

Оның үстіне, бұл заңжобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нәтижелерге әкелмейді, сондай-ақ оны жүзеге асыру қаржылай шығынды қажет етпейді.

Индира Кауметова


Back to the list