09.02.2015
Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары бойынша комитетке «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы тұлғаларды қайтару туралы келісімді және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы тұлғаларды қайтару туралы келісімді орындау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңжобасы бойынша қорытынды даярлау міндеттелді.
Бұдан басқа, Экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетіне және Қаржы және бюджет комитеті мен Әлеуметтік-мәдени мен ғылым комитетіне бірқатар заңжобалар үйлестіріліп, олар бойынша қорытынды беру тапсырылды.