05.02.2015
«Жоғарғы Палата басшысы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев және Италия Премьер-министрі М.Ренци арасындағы 2014 жылғы маусым және қазандағы келіссөздері ықпал еткен Қазақстан мен Италияның қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді», - деп хабарлады Сенат.
Қ.Тоқаев екі ел арасындағы парламенттік алмасулардың маңызды екенін айтты және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында делегациялар арасындағы өзара іс-қимылға қанағаттанғандық білдірді.
Сенат Төрағасы биылғы маусымда болатын және діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші Съезіне дайындық туралы С.Раваньянды хабардар етті.
Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне еліміздің кандидатурасы қолдау табатынына сенім білдірді және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне италиялық компанияларды қатысуға шақырды.