• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мемлекеттік сатып алу жүйесін толығымен автоматтандыру тәжірибесін Оңтүстік Кореядан алды 05.02.2015

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын таныстыру барысында  министр мемлекеттік сатып алулардың барлық кезеңдеріндегі тәуекелдерге жасалған сараптамаға тоқталды. Осындай кезеңдердің бірі келісімді орындамау және төлемеу, онда тауардан, жұмыстан немесе қызметтен еш негізсіз бас тарту, сондай-ақ уақытылы төлемеу проблемалары бар.

«Осы ретте заң жобасында жеткізушіге толығыным өтеуге 30 күннен аспайтын мерзім белгілеу ұсынылған және электронды есеп-шот, тауардың жеткізілгені туралы электронды құжат, жұмыстардың орындалғаны туралы электронды актілерді толтыруды міндеттеу көзделген», - деді ведомсвто басшысы.

Осылайша, Б.Сұлтановтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйесі толығымен автоматтандырылады. Қазақстанның толығымен автоматтандыру жүйесі Оңтүстік Кореяның тәжірибесінен алынған.

«Біз Оңтүстік Кореяның тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттедік, жалпы олардың бұл саладағы тәжірибесі айтарлықтай жетістікке жеткен», - деді министр.

Ведомсвто басшысы атап өткендей, электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу Қазақстанда ЕАЭО мүше мемлекеттерге қарағанда  айтарлықтай жылдам дамып келеді.

«Бұл жүйе бізде біраз тәжірибе жинады, енді оны толығымен автоматтандыру керек»,  - деп мәлімдеді  Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заң жобасы Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген. 

Индира Қауметова 


Back to the list