05.02.2015
Заң жобасы мемлекеттік сатып алуды жеңілдету, сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау және әлеуетті жеткізушілердің заңды мүдделерінің қаупін азайту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мүшелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
«Заң жобасының қабылдануы сатып алуды электронды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сатып алу үлесін қысқартып, веб-порталдың меморган ақпараттық жүйесімен ықпалдасуын қамтамасыз етеді», - деді Б.Сұлтанов.
Министр атап өткендей, заң жобасын әзірлеу мақсатында сатып алудың салыстырмалы түрі ретінде Самұрық-Қазына, табиғат ресурстарын пайдалану, табиғи монополиялар субъектісі, ұлттық компаниялар мен Фармациялар сатып алуларының талдамасы жүргізілді.
«Жасалған сараптама қорытындысы бойынша заң жобасы кәсіби және құжатқа деген сұраныс тәртібін жеңілдетеді. Ол сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілердің санын көбейтеді», - деді министр.
Байқауға түсетін құжатты дайындау барысында министр сатып алушылар бір жеткізуші бойынша құжат сипаттамасын жасауда қиындықтар туындайтынын айтты.
«Аталмыш мәселені шешу үшін заң жобасы техникалық сипаттаманың алдын ала қарау институтын енгізуді қарастырады. Аталмыш шара әлеуетті жеткізушілерге техникалық сипаттаманы алдын ала қарап, олқылықтар кеткен жағдайда сатып алушыға апарып түзетуіне мүмкіндік туады», - деді ол.
Айта кетерлігі, заң жобасы мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасының жетілуіне бағытталған құқықтықты пайдалану тәжірибесі қорытындысын да қамтиды.
Индира Кауметова