05.02.2015
«Тұжырымдама мүгедектердің қарым-қатынасына деген теңсіздікті жоюға бағытталған. Олардың құқығын, денсаулығын, білім алуы мен қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, еркін қозғалысы мен жеке орын ауыстыруы да қарастырылған», - деп хабарланды ғылым және әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.
Заң жобасы мүгедектердің өзге қоғамның мүшелері сияқты өздерін толыққанды адам ретінде сезінуін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Тұжырымдамаға сәйкес, қатысушы-елдер мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықығын толыққанды қамттамасыз ету үшін барлық шараларды қолданулары тиіс, оның ішінде заңнамалық тәртіптер де бар, мүгедектерді қоғамның мәдени, әлеуметтік саласына белсенді қатысуын қамту керек», - делінген комитет қорытындысында.
Камила Амирова