• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Парламенті Венгриямен тұлғаларды көшіру туралы келісімді ратификациялады 05.02.2015

«Жалпыазаматтық және ұлттық паспорты бар тұлғаларды еліміздердің арасында визасыз процедурамен қамтамасыз ету бұл келісімнің күшіне енуінің басты шарты. Келісімде мемлекеттердің аумағында болу немесе келу тәртібін бұзған тұлғаларды қайта еліне қайтару процедурасы қарастырылған», - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов.

Келісімді ратификациялау халықаралық құқық нормасына сәйкес адамдардың заңсыз тасымалдау немесе қабылдауға және заңсыз көші-қонға қарсы тұруға мүмкіндік береді.

«Келісім екі елде болу тәртібін бұзған немесе ол тәртіпті орындаудан бас тартып отырғандарды қайта еліне қайтару үшін қауіпсіз анықтау және қайтаруды реттеудің тиімді әдісін анықтайды. Аталмыш заңжобасын қабылдау қосымша шығынға ұшыратпайды және әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ құқықтық салдарды болдырмайды», - делінген салалық комитеттің қорытындысында.

Камила Амирова

 


Back to the list