04.02.2015
«Негізгі заң жобасының мақсаты қызметтің кейбір салаларына өзін-өзі реттеу институтын енгізу арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру»,- деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев заң жобасын таныстыру барысында.
Оның айтуныша, Мемлекет басшысының Ұлттық инвесторлар кеңесі барысында берген тапсырмасын орындау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіби қызметке өзін-өзі реттеу институтын енгізу қарастырылған.
«Өзін-өзі реттеу институтын енгізу кәсіпкерлікті дамытуға және бизнестің мемлекетпен серіктестік қарым-қатынас орнатуына, қолайлы бизнес-климат жасақтауына мүмкіндік береді»,- деп атап өтті министрдің орынбасары.
Сонымен қатар, заң жобасында «ұйымды өзін-өзі реттеу» жаңа түсінігі енгізілуде, ол қауымдастық немесе өзге де құқықтық үлгідегі коммерциялық емес ұйымды білдіреді.
Жалпы, аталмыш заң жобасымен бірге жүретін 1 Кодекс пен 7 заңға өзертулер мен қосымшалар енгізілуде.
Камила Амирова