04.02.2015
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 шілдесіндегі «Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын ратификациялау туралы» заңымен Қазақстан Республикасы Халыаралық Валюта қорының келісім баптарын ратификациялады.
«Сонымен, қор дауысын бөлу мен оларды есептеу тәртібі өзгертілді. Сондай-ақ, аталмыш өзгертулерге сәйкес атқарушы директор өзіне 2 адамға дейін орынбасар тағайындай алады», - деп атап өтті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті.
Бұдан басқа, 2008 жылдың 5 мамырындағы №63-3 Қарарға сәйкес қордың инвестициялық және арнайы шығындар есеп шотындағы валютаны пайдалану өкілеттілігінің кеңістігі кеңейтілді. Ал, 2010 жылдың 15 желтоқсанындағы №66-2 Қарарға сәйкес ХВҚ келісімінің «Он төртінші жалпы квотаны қайта қарау және атқарушы кеңестің реформасы» баптарына өзгертулер енгізу мақұлданды.
Салалық комитеттің қорытындысында атап өтілгендей, бұл түзетулер Халықаралық Валюта қорына мүше - мемлекеттердің жаңа квоталарын бекіту үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасына квотаны көбету үшін қажет.
Камила Амирова