03.02.2015
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, келісім екі мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтаудың және қауіпсіз әрі ретімен қайтарудың тиімді рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ осындай адамдардың транзитіне ықпалын тигізетін болады.
Комитет отырысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы, оның ішінде құқықтық олқылықтарды, қайшылықтарды жою, сондай-ақ әкімшілік кедергілер келтіретін нормаларды болғызбау жолымен одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заң жобасы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің патент заңнамасын үйлестіру мақсатында заң жобасының Қазақстандағы өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау құралдарының тізбесінен инновациялық патент алып тасталады, жекелеген объектілерді жеделдетіп патенттеу енгізіледі. Патенттеудің қолайлы жағдайлары көзделген объектілер тізбесін уәкілді орган айқындайды.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, пайдалы модель ұғымы кеңейтіледі. Заң жобасының ережелеріне сәйкес жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады.
Заң жобасымен мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу үшін шаралар қолдану міндеті көзделеді.
Екі заң жобасы да Палатаның қарауына жіберілді.