27.01.2015
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш заң жобасының қабылдануы бағалы металдар мен асыл тастар саласында қоғамдық қатынасты реттеудің бірыңғай негізгі заңнмасын құру болып есептеледі.
«Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық кеңестің стандарты мен Қазақстанда асыл бұйымдар өндірісінің дамуына жағдай жасау үшін ұлттық заңнаманың үлесімділігі қарастырылуда», - делінген хабарламада.