26.01.2015
Сессия аясында Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы мен оның орынбасарларына және Еуропа сотының адам құқықтары жөніндегі судьяларына сайлау болады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Еуропа Кеңесінің парламентшілері ЕКПА-ның Тунис пен Молдовадағы парламенттік сайлауға байқау миссиялары бойынша мониторинг қорытындыларын, Украинадағы гуманитарлық күйзелістерді, көшіп келушілер мен мүгедектер, төзбеушілік және кемсітушілік, Еуропадағы бұқаралық ақпарат құралдар бостандығын қорғау мәселелерін талқылайды.