• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат төрағасы ЮНЭЙДС ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директорын қабылдады 23.01.2015

Қ. Тоқаев қонақты қарсы алу барысында В.Салданның аталмыш лауазымды қызметке келуі аймақтағы ЮНЭЙДС-тың жандандыра түседі деп сенім білдірді. Сенат спикерінің пайымынша, 11 ұйымның жұмысын үйлестіретін БҰҰ ИТВ-ЖИТС ауруының таралуына қарсы күресте үлкен жетістіктерге жетті.

Хабарланғандай, В.Салдан Қазақстандағы аталмыш ауыр дертпен жүргізіліп жатқан күресті жоғары бағалады. «Біз Қазақстан 2020 жылға қарай ТМД мен Орталық Азияда ИТВ-ЖИТС ауруының таралуына қарсы күресте бірінші орында болады деген ойдамыз», - деп ағынан жарылды ЮНЭЙДС ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директоры.

Сонымен қатар, ол, ұйымның жоспарында Алматыдағы мемлекеттік кеңсені алдағы уақытта орталық-азиялық  ресурстық орталық деңгейіне көтеру бар, екенінде жасырмады.

Бұдан басқа, Сенат спикері қонақты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, Парламенттің заңнамалық қызметімен таныстырды. 


Back to the list