• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда мүгедектерге  арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді нығайту қажет – Жақыпова (Фото) 22.01.2015

«Заң жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғаммен бірдей жағдай жасау, өз пікірлерін білдіруге орта құруына бағытталған. Сондай-ақ, мүгедектердің техникалық қондырғылармен қамтылуы, медико-әлеуметтік сараптаманың жетілуі, инотаксилердің дамуы қарастырылады», - деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

Вице-министрдің ақпараты бойынша елде 626,7 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар, ол республика халқының 3,7 пайызын құрайды.

 «Темір жол вокзалдарында және станцияларында, порттар мен әуежайларда арнайы өту жолдарын орналастыру міндетін енгізу қарастырылып жатыр», - деді ол.

С.Жақыпова атап өткендей, білім беру саласында арнайы мәдениетті жетілдіру қажет.

«Біз мүгедектерге барынша әлеуметтік көмек көрсетуіміз қажет. Мәселен, мүгедектерге есту, қабылдау бойынша көрсетілетін көмекті жылына  30 сағаттан  60 сағатқа дейін жеткізу керек.

Заң жобасы мүгедектердің өзге қоғам мүшелерімен бір дәрежеде болып, ҚР Конституциясының заңында бекітілген  азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени мүмкіндіктері мен құқықтарын сақтауға бағытталған.

Камила Амирова


Back to the list