22.01.2015
«2015 жылы ЖОО мен колледждердің мәліметтер базасын Зейнетақы төлемінің мемлекеттік орталығымен кіріктірмекпіз. Осы арқылы нақты мәліметке қол жеткіземіз. Егер оқу орны түлегінің есебінен зейнетақы аударылып жатса, демек ол жұмыспен қамтылған деген сөз», - дейді еліміздің бас ұстазы.
Оның айтуынша, ЖОО мен колледждер түлектерінің еңбекпен қамтылу көрсеткіші шамамен 75 пайыз деңгейінде. Бұл айтарлықтай үлкен жетістік.
«Егер 2000 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі шамамен 18 пайызды құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 8,5%-ға түсті», - дейді.
Сонымен қатар, білім және ғылым министрінің айтуынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығы 4,3%. «Айта кету керек, 2014 жылы бұл көрсеткіш ел бойынша жалпы көрсеткіштен анағұрлым аз. Ел бойынша жұмыссыздық деңгейінің 5,5 пайыз екені анық», - деді А.Сәрінжіпов.
Индира Қауметова