19.01.2015
«Заң жобасының басты бағыттарының бірі заңға еріктілер қозғалысын да енгізу. Біздің заңнамада алғаш рет еріктілер қозғалысына жеке бап енгізіліп отыр. Қазіргі таңда еріктілер қозғалысы қалыпты іске айналды. Бірінші қадам осы орайда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды қолға алу», - деді вице-министр.
Атап айтар болсақ, Т.Балықбаевтың айтуынша, «құжат арқылы еріктілер қызметі алғаш рет жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне бағытталған ерікті, қоғамдық-пайдалы қызмет болып табылады».
Заң жобасы мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасайтын жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін құру мақсатында дайындалды.
Сонымен қатар, комитет қорытындысында айтылғандай, құжат арқылы мемлекеттік жастар саясатының міндеттері, мақсаттары, қағидалары мен негізгі бағыттары анықталды. Олар осы саладағы құзіретті мемлекеттік органдарға қарайды.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы арқылы жастар ресурстық орталығы мен әлеуметтік қызмет реттеледі. Олардың қызметтері зияткерлік, рухани, дене шынықтыру, шығармашылық даму, кәсіби дайындалу мен жастардың кәсіпкерлік әлеуеттерін арттыруға жағдай жасауға бағытталған.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев