15.01.2015
«Заң жобасы қызметтері атом энергетикасын дамыту шарттарына байланысты мемлекеттің, билік органдарының, заңды тұлғалардың өзара қатынасы тәртібін айқындайды деп күтілуде», - дейді ҚР энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев.
Негізінен заң жобасы құрылғылардың радиациялық қауіптілік санаттарын орнату; атом қуатын пайдалана отырып қызмет ету кезінде қауіпсіздікді қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді аттестациялау; ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы; құрылғылардың терминологиясы мен ұғымын нақтылау секілді нормалар енгізіледі.
Сонымен қатар көму пунктері мен ядролық құрылғылары ғимараттары туралы шешім қабылдау тәртібін бекітетін нормалар енгізілмек. Бұл өз кезегінде олардың пайдалану уақытының аяқталуы мен көму пунктері мен ядролық ғимараттарды салу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орынауға мүмкіндік береді.
«Радиациялық қауіптілік санаттары анықталып, ядролық және радиациялық апаттарға қарай әрекет ету дайындығы бойынша нормалар дайындалды. Ядролық апатқа апаттық дайындық пен ондай жағдайда әрекет ету, физикалық ядролық қауіпсіздік пен ядролық және радиациялық деңгейін қамтамасыз етуге арналған ядролық құрылғылар қызметкерлеріне біліктілік талаптары айқындалды. «Ядролық физикалық қауіпсіздік», «жұмыс істеп біткен ядролық отын», «радиациялық құрылғы және радиациялық қатер» ұғымдары енгізілді. Ондағы мақсат Қазақстан Республикасы тарапынан ратификацияланған атом саласындағы халықаралық келісімдермен ұлттың заңнаманы үйлестіру», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Атом энергетикасын пайдалану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қосымша Азаматтық және Экологиялық кодекстерге, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» және «Рұқсат беру мен ескертулер туралы» заңға түзетулер қарастырылған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, атом энергетикасын пайдалану саласына заң жобаларын қабылдау ескірген нормалардың күшін жою мен олардың шығындарын азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды оңтайландыру, халықаралық талаптар деңгейіндегі қауіпсіздік бойынша талаптарды орнату мен үндестіру және қатынастарды реттеу жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді.