15.01.2015
«Өнім бөлімі келісімі (ӨБК) туралы келісімге қатысушыларға кедендік баж салығы салынбайды. Бұл үлкен нарық. Ол қазір ӨБК мен АЭА арасындағы салық мәселесі бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін жабық», - дейді вице-министр.
Нақтырақ айтар болсақ, «Арнайы экономикалық аймақты жетілдіру мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы арқылы АЭА өнімін ӨБК-не нөлдік үстемемен жеткізу көзделген.
Оның айтуынша, Кедендік одақтың кедендік кодексі аясында қарастырылуда. «Қазірдің өзінде труба тасымалдайтын қос кәсіпорын аталмыш мәселе тұрғысынан Ақтау теңіз портына өндіріс орнату жайын қарастырып жатыр», - дейді.
Сонымен қатар министр орынбасары алдағы бес жылда аталған нарықтың құны 14 млрд долларға жететінін айтты.
Камила Амирова