• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«KAZNEX INVEST» АҚ негізінде АЭА-ны дамыту бойынша Бірыңғай үйлестіру  орталығы құрылады 15.01.2015

 «Заң жобасы сәйкес алдымен «KAZNEX INVEST» АҚ негізінде арнайы экономикалық аймақтарды басқару мен дамыту бойынша Бірыңғай үйлестіру  орталығы құрылады. Оған басқарушы компаниялардағы мемлекеттік акциялардың бір бөлігі беріледі», - деді Е.Сағадиев. 

Вице-министр атап өткендей, Бірыңғай үйлестіру орталығын құру туралы ұсыныс мамыр айында қолдау тапқан. Бұл ұйымды ашуға арнайы қаржы бөлу қажет емес. 

Жалпы, АЭА-ды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және олардың жұмысына бизнес үдерістерін, инфрақұрылымдық инвесторлар мен аймақ жұмысына жаңа қатысушыларды тарту бойынша маркетинг шараларын енгізу Бірыңғай үйлестіру орталығының негізгі міндетіне айналады.

Камила Амирова


Back to the list