• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Парламент ҚР мен ӨР азаматтарының өзара қатынау шарттары туралы Келісімге толықтыруларды мақұлдады 15.01.2015

Хабарламада айтылғандай, сенаторлар Еуразиялық экономикалық комиссия мүшесі емес елдердің аталмыш халықаралық актіге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін трансшекаралық су ағысы мен өзендерді пайдалану мен сақтау туралы Конвенцияның 25 және 26 баптарына түзетуді ратификациялады.

«Ауыо шаруашылығы министрі А.Мамытбековтың баяндамасынан кейін палата Астанада Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының субөңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы мен ҚР Үкіметі арасындағы Келісімді ратификациялады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар отырыс барысында сенатор Қ.Айтахановтың демографиялық жағдайды жақсарту мен көші-қон мәселелері бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі туралы, М.Бақтиярұлының 12 жылдық білім беру жүйесін қайта қарау мен жергілікті табиғи уақытты ауыстыру мәселесін жан-жақты зерттеу керектігі туралы және өзге де депутаттардың түрлі мәселелер бойынша депутаттық сауалдары тыңдалды.  


Back to the list