14.01.2015
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысына сай, заң жобасы арқылы дәрі-дәрмек саясатын жетілдіруге қатысты толықтырулар енгізілмек.
«Халықаралық талаптарға сәйкестендіру мақсатында жаңа «Дәрі-дәрмек құралдарын пайдалану саласындағы факмацевтикалық инспекторат» бабы енгізіледі. Оған сай фармацевтикалық инспекторатқа дәріханалар, дәріхана қоймалары, дәрі-дәрмек шығаратын ұйымдар, клиникаға дейінгі зерттеу мен дәрі-дәрмекке клиникалық зерттеу жұмыстарын жасайтын денсаулық сақтау ұйымдары жатады», - делінген комитет қорытындысында.
Сонымен қатар депутаттар фармацевтикалық өнімге сертификат енгізу мен оны құзіретті органдарға беру туралы норма ұсынды. Аталған сертификаттың болуы дәрі-дәрмек құралдарының экспорты кезінде керек болады.
Комитет қорытындысына сай, азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсетуді қарастыратын жаңа бап енгізілді.
«Заң жобасында көрсетілген нормаларға сәйкестендіру мақсатына депутаттар Еңбек кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық пен Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізді. Осы орайда заң жобасының тақырыбын өзгертуге бағытталған түзету қабылданды. Ол енді «Денсаулық сақтау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» болып редакцияланды», - делінген.
Камила Амирова