12.01.2015
Сенаттың хабарлауынша, құжат инвестиция үшін қолайлы жағдай құру арқылы Қазақстан мен Катар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуге бағытталған. Келісімге 2014 жылдың 19 қаңтарында Астанада қол қойылды.
«Халықаралық келісімге сай, келісімге отырған әр мемлекет бір рет қана – келісімге отырған мемлекеттердің бірінде салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет әлгі мемлекеке төленген салық көлеміне есеп беріп немесе өзге мемлекетте салығы төленген табыстың бөлігінен міндетті салықты алып тастайды», - делінген хабарламада.
Келісімде төменгі үстеме бойынша табыс көретін мемлекет көзінде салынатын салықтың дивиденті мен пайызына сай қосымша қарастырылған.
Құжат Палата қарауына жіберілді.