12.01.2015
«Сенаторлар Қазақстан мен Қатар Үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және хаттаманы ратификациялау туралы; Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқылау жоспарға енгізілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетуді ратификациялау туралы; Қазақстан мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарауды жоспарлады.