26.12.2014
Халықаралық қарым-қатынас комитетінің қорытындысына сәйкес, келiсiмнiң нысаны - Қазақстан мен Әзiрбайжан құзыреттi органдарының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайдардың алдын алу және оларды жою, төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды апат немесе өзге зiлзала жағдайында ерiктi және өзара көмек көрсету бойынша оқыту саласындағы өзара iс-қимыл тәртiбiн айқындау.
«Келiсiм аясындағы ынтымақтастық ақпарат алмасу, тәжiрибе алмасу, бiрлесiп жоспарлау нысанында және келiсiмнiң бесiншi бабында көзделген өзге нысандарда жүзеге асуы мүмкiн», делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, келiсiмдi iске асыру кезiнде қолданылатын терминдер мен анықтамалардың мағыналары берiлген. Өзара iс-қимылдың құзыреттi органдары анықталған, сондай-ақ келiсiм тараптары ынтымақтастығының нысаны мәселесiне көңiл бөлiнген.
Камила Амирова