24.12.2014
Сенаторлар «2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобаларын қарауды жоспарлады.
Бюро отырысында Парламент Сенатының 2015 жылға арналған Негізгі шаралар жоспары, сондай-ақ Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Парламент Сенатының шаралар жоспары бекітілді.