24.12.2014
«Заң жобасы мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер қолдануда заңды негіз қамтамасыз етуге бағытталған», - делінген әлеуметтік және мәдени даму комитетінің қорытындысында.
Бұдан басқа,заң жобасында ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер қолдану салары анықталып, көрсетілген.
Салалық комитеттің қорытындысында көрсетілгендей, ең төменгі әлеуметтік стандартар мен кепілдіктер азаматтың еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, саласындағы конституциялық құқығын қамтамасыз етуге және кепілдендірілген мемлекеттік заңды көмек көрсетуге арналған.
Жалпы заң жобасы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауында атап көрсеткен ҚР-ның «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заңын жасақтау туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында түзілді.
Камила Амирова