• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты ерікті көмек көрсету туралы келісімді қарады 23.12.2014

«Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту мен оны жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімде азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту мен оны жою саласындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының құзіретті органдарының өзара әрекетінің  тәртібі көрсетілген. Сонымен қатар, апаттар мен өзге де жағдайларда өзара ерікті түрде көмек көрсету мен төтенше жағдайлар саласында мамандар оқыту көзделген», - дейді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко.

Вице-министрдің айтуынша, тараптар осы арқылы ақпарат алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, шараларды бірлесе жоспарлауы да мүмкін.

«Мемлекеттік шекараны кесіп өтудегі сұраныс жағдайында көмек көрсету қажеттілігі кезіндегі жағдайлар, тасымал мәселесі, арнайы техника шақырту қажеттілігі мен құралдарды тарту қажеттілігі кезіндегі жағдайлар да аталмыш келісімде көрсетілген. Сондай-ақ,көсек сұраған жағдайда көмек көрсету кезіндегі шығындарды қайтаруға байланысты да мәселелер көрініс тапқан», - деп толықтырды вице-министр.

Божконың мәліметінше, екіжақты келісім 21 баптан тұрады. Құжатта тараптар келісімі формасы мәселесі бойынша нормаларға иелік ететін өзара әрекет етуге құзіретті органдар да анықталған.

Айта кету керек, заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына енгізілді.

Камила Амирова


Back to the list