• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Өңір» депутаттық тобының жетекшісі М.Бортник облыстық мәслихат хатшыларымен кездесті 22.12.2014

«Кездесу барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру, жергілікті басқару органдарының рөлі мен өкілеттіктерін нығайту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Жергілікті жерлердегі мемлекеттік саясатты жүргізуші әрі орталық пен ел аймақтары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын мәслихаттарға Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жолдауында айтылған халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыруда ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұл тұрғыда осы үдерістерді заңнамалық түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, «Өңір» депутаттық тобының жұмыс жоспары таныстырылды.

Кездесуге сенаторлар Төлеубек Мұқашев және Бекмырза Еламанов қатысты.

 


Back to the list