• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан зияткерлік меншік құқығын сақтау бойынша өз позициясын 42 орын алға жылжытты 22.12.2014

«Қазақстан 2011 жылдан бері «Зияткерлік меншік құқығын сақтау» индикаторы бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 42 орын алға жылжып, 116-ші орыннан 74-ші орынға көтеріліп, Испания, Бразилия, Ресей  мен Грузиядан басып озды. Аталмыш көрсеткіштің жақсаруы контрафактіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тиімді атқарылған жұмыстарға тікелей байланысты», - дейді Берік Имашев.

Айта кету керек, аталмыш индикатор контрафактіні анықтау мен алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар есебінен құрылады. «Жаңа интеграциялық шарттар кезінде Қазақстанда жүргізілген әкімшілік-құқық реформасын ескере отырып бұл көрсеткіштің алға ілгерілеуі контрафактіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тиімді атқарылған жұмыстарға тікелей байланысты», - дейді министр.

Сонымен қатар, министр Қазақстан 1993 жылдан бері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы қатысушысы болып келе жатқанын еске салды. «Аталмыш ұйымға мүше болу мен ұйымның халықаралық 19 базалық келісімін ратификациялау ұлттық заңнаманы қабылданған міндеттемелер талаптарымен үйлестіруге, соның ішінде шет елдерде қазақстандық авторлар құқығын қорғау мен өзге де тұлғалар мүддесін сақтауға мүмкіндік берді», - дейді ол.

Камила Амирова


Back to the list