• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат ЕАЭО шартына Арменияның қосылуы туралы заң жобасын талқылады 18.12.2014

«Бұл заң жобасының қабылдануы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық интеграцияны одан әрмен дамытып, халықтарының өмір сүру деңгейін көтерулеріне жағдай жасайды. Арменияның ЕАЭО-ға қосылуымен одақтың аумағы кеңейіп, тауар, капитал, жұмыс күші және қызметтердің еркін қозғалуына мүмкіндіктер туындайды»,- делінген салалық комитеттің қорытындысында.

Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады және Шартта көзделген міндеттерді өзіне қабылдайды.

Комитеттің кеңейтілген отырысында сенаторлар «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылады.

Құжаттың мақсаты Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың, сондай-ақ оның органдары: Интеграциялық комитет Хатшылығының, Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ Сотының, сондай-ақ ЕурАзЭҚ  Интеграциялық комитетінің жанындағы көмекші органдар мен салалық кеңестердің қызметін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтату болып табылады.


Back to the list