• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды 11.12.2014

Аграрлы мәселелер, табиғатты игеру мен ауылдық жерлерді дамыту комитетінің қорытындысында заң жобасының өндіріс секторы мен энергетикалық ресурстарды пайдалану саласында энерготиімді технологияларды қолдану  мен энерготиімділікті арттыру тетіктерін жетілдіру мақсатында дайындалғаны айтылған.

Сенаттың тұрақты комитеттерінің ескертулері мен ұсыныстарын есепке ала отырып заң жобасын талқылау барысында Мәжілістің мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады.

«Қабылданған барлық түзетулер 18 позициядан тұрады. Олар салыстырмалы кестеге салынған. Энергияүнемдеу бойынша жауапкершілікті нақтылау мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілді. Аграрлы сектор субъектілері үшін энергетикалық аудит жасау 6 жылға шегерілді. Сонымен қатар, энергетикалық үнем саласындағы орталық мемлекеттік органдардың құзіреті нақтыланды», - дейді депутат Ерлан Нығматулин.

Камила Амирова


Back to the list