11.12.2014
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Келісім екі ел азаматтарының қос мемлекетте міндетті тіркеусіз 30 күн бойы жүруіне бағытталған.
Айта кетерлік жайт, бұған дейін мемлекеттер аумағында 5 күн ішінде тіркелу керек болатын.
«Енгізіліп отырған жеңілдетілген тәртіп екі ел азаматтарының іскерлік белсенділігі мен туристер ағымын айтарлықтай арттыруға және азаматтардың еркін араласуына мүмкіндік береді»,- деді депутат Владимир Бобров.
Аталмыш заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылай шығындануды қажет етпейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарды болдырмайды.
Камила Амирова