10.12.2014
Сенатта хабарлағандай, Заң жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақсан Республикасы Заңының нормалары мен заңнамалық актілер арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды анықтау және алып тастау арқылы тұрғын үй заңнамасын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін нормаларды алып тастауға бағытталған.
Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізу көзделіп отыр.
Кондоминиумды басқару органдары жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында меншік иелеріне жалпы мүлікті күтіп-ұстауға жіберілген шығыстар туралы есепті жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында тоқсан сайын ұсыну жөніндегі міндеттемесі белгіленеді.Қолданыстағы заңнаманың нормалары арасындағы коллизияларды жою мақсатында саяси қуғын-сүргін құрбандарына өтеусіз жекешелендіру құқығын, бейбіт уақытта әскери қызмет міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды өтеусіз меншікке алу құқығын беру көзделген.
Заң жобасымен жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында оларды - тұрғын үймен қамтамасыз етуге бірінші кезектегі құқығын сақтай отырып, пәтерлерді бөлу үшін кемінде 20% мөлшерінде квота бекітіледі.
Заң жобасын талқылау барысында Сенаттың тұрақты комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына мынадай негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.