10.12.2014
Заң жобасының мақсаты – сумен жабдықтау және су бұру секторының орнықты жұмыс істеуі мен дамуы үшін осы салада,ы мемлекетттік реттеу жүйесін жетілдіру.
Осы ретте уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті нақтыланып, су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерін, елді мекендерде суды есепке алудың және ауыз сумен жабдықтау көздеріндегі судың сапасын қамтамасыз етудің жалпы ережелері айқындалады.
Депутаттар «ауызсу», «сарқынды суларды тазарту құрылыстар кешендері» ұғымдарын нақтылауға, «сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су обьектілері» деген жаңа ұғымды енгізуге, елді мекендерді ауызсумен жабдықтау, су бұру, техникалық сумен жабдықтау, суды коммерциялық есепке алуға қатысты және мемлекеттік органдар құзыретін нақтылауға байланысты өзгерістер енгізді.
Су кодексінде су қолдану мен су бұру салаларын қолданушылардың құқығы белгіленген.
Жер қатынасының кодексі шекараға әрекеттегі инженерлік коммуникацияны шығаруда жер учаскесін таңдау бойынша актілерді әзірлеу жайын қарастырады.
Экологиялық кодекс бойынша су бұру және су жіберу пунктін жүзеге асыруда қоршаған ортаға қатысты мәселелерді реттеуді қарастырады.