09.12.2014
«Комитет жетекшісі Александр Милютин төрағалық еткен шарада ҚР Энергетика вице-министрі Талғат Ахсамбиев баяндама жасап, Елбасының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды инвестициялық ахуал жасау, Ақмола облысына туристер ағынын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет қаулысымен бекітілген жоспар бойынша Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған екінші кезеңін жүзеге асыру іс-жоспарлары бекітілгенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Ондағы ең маңызды бағыттардың бірі - Щучье-Бурабай курорттық аймағының су айдындарын, яғни Щучье, Бурабай, Қарасу көлдерін тазалау. Осы орайда Щучье-Бурабай курорттық аймағының су айдындарын, Щучье, Бурабай, Қарасу көлдерін тазалау мен санация жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құжат бойынша ағымдағы жалдың тамыз айында 5 млрд. 9млн. теңге қаражат бөлінген. Жобаның аяқталу мерзімі 2016-жылға белгіленген. Негізгі жұмыс келер жылдан басталады деп жоспарланып отыр.
Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Виктор Киянский «Сорбұлақ» пен «Щучье-Бурабай» курорттық аймағына қатысты мәселелерді шешудің нақты жолдарын атап көрсетті.
Мәжіліс депутаттары талқыланып отырған тақырып төңірегінде өзекті сұрақтар көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді.