05.12.2014
«Меймандарды қарсы алған Қ.Тоқаев кездесу барысында Ф.Олланд сапарының маңыздылығын атап өтті және Қазақстан мен Франция Президенттерінің келіссөздері екіжақты ынтымақтастыққа ғана емес, халықаралық ахуалды сауықтыруға пайдалы болатынына сенім білдірді», - делінген хабарламада.
Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық үнқатысудың, сондай-ақ экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын қанағаттанғандықпен атап өтті.
Қ.Тоқаев француз делегациясын Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың құрылымдық реформаларды жалғастыруға және әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздейтін «Нұрлы Жол» Жолдауы туралы хабардар етті. «Бұл құжаттың негізгі мақсаты инфрақұрылымдық даму жоспары болып табылады», - деп атап өтті Палата Төрағасы. Сенат Төрағасы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға француз компанияларының өкілдерін шақырды.
Қ.Тоқаев діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және қауіпсіздікті дамыту жолындағы үнқатысуына арналған, 2015 жылғы маусымда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші Съезіне әзірлік туралы меймандарды хабардар етті.