05.12.2014
«Бүгінгі бірлескен көшпелі отырыс аталмыш мәселенің маңыздылығын тағы бір атап көрсетеді. Біздің есептеуімізше ол маңызды және күн тәртібіндегі келелі мәселелердің бірі. Кеше ғана Мәжілісте бірінші оқылымда «Мемлекеттің жастар саясаты туралы» заңжобасы мақұлданды. Онда заң жобасының міндеті, мақсаты мен негізгі бағыттары атап көрсетілген», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айткүл Самакова.
Оның айтуынша, заң жобасында мемлекеттік органдардың міндеті анықталып бекітілген, яғни олар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады және олардың қызметінің тиімділігін бағалауда олда ескеріледі деп баса айтылған. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер мен ресурстық орталықтардың мақсаты мен мазмұны нақты бекітілген.
Айта кетерлік жайт, жастар - олар болашақ капиталы. Жастар өзге әлеуметтік-демографиялық топтарға қарағанда ашық және жаңашылдыққа жақын. Қазақстанның жарқын болашағы жастардың мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласуымен тығыз байланысты.
Индира Кауметова