03.12.2014
«Жүнді алғашқы өңдеуге 10 мың тоннадай өнім тартылады. Олар негізінен жұқа және жартылай жұқа. Қолда бар қуаттылық бойынша, 15 мың тоннаға дейін өңдеуге мүмкіндік бар. Қалғанадарына қажеттілік жоқ болса, табиғатқа зиян келтіре жанып кетеді», - дейді.
Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда «Фабрика ПОШ-Тараз» жүнді мықтап өңдеуге қабілетті республикадағы жалғыз кәсіпорын. Өндіріс қуатын жетілдіру мен арттыру бірінші кезекте жылына топстың 800 тоннадан астам өндірісін, трикотаж жіптерінің 150 тоннасын, жүн жіптерінің 150 тоннасының өндірісін жолға қоюға мүмкіндік берді.
«Машинамен түтілген жіпті аяқтау үшін жылына қуаты 2,5-3,0 млн метр жүн маталарды қосымша тігетін, өңдейтін құрал-жабдықтарды сатып алу керек. Құрал-жабдықты сатып алу және мамандарды оқыту, монтаж жасатуға 13,0 млн АҚШ доллары жұмсалады», - деп түсіндірді ол.
«Жүнді мықтап өңдеу жұмыстары шикізатты тиімді пайдалануға, нарықты отандық тоқыма өнеркәсібінің жүн бұйымдарымен қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын жасауға мүмкіндік береді», - деп толықтырды ол.
Индира Кауметова