• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 2014 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 53 млрд құрады 03.12.2014

Ағымдағы жылдың он айының қорытындысы бойынша қолданыстағы бағалар бойынша жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 52,9 млрд теңгені құраған, соның ішінде тоқыма бұйымдарының өндірісі - 22,4 млрд теңге, былғары және соған жататын өнімдер өндірісі - 3,9 млрд теңге», - деп мәлімдеді   А. Ержанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ІҚМ терісінен жасалған былғары өндірісі  былтырғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда   88,1-ге өсіп,   273,9 мың ш.м жеткен, яғни 3,1 есе артқан (2014 жылдың 12 қаңтарынан бастап ТМД елдерімен еркін сауда айналымы туралы Шарт күшіне енді, соған сәйкес Қазақстан Республикасы ТДМ елдеріне қатысты ірі-қара малының өңделмеген терілерін алып кетуге 1 тоннасына 200 еуро көлемінде кедендік салық салады).   «Таза мехтан жасалған киім бөліктері, киім әшекейлері мен бұйымдар (бас киімнен бөлек)   -   1,8 есе. Киімнен басқа, үй шаруашылығына қажетті дайын тоқыма бұйымдары    -  1,17 есе», - деп түсіндірді А. Ержанов.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «2015-2019 жылдарға жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары» мүдделі органдармен, ҰКП, салалық қауымдастықтармен келісіліп, министрдің бұйрығымен бекітілген. 

Индира Кауметова

 

 


Back to the list