• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжілісте Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіпті дамытудың негізгі мәселелері талқыланды 03.12.2014

Айта кетейік, Қазақстанның шығаратын жеңіл өнімдері құрылымындағы 50 пайыз өнім текстиль бұйымдарына, 42 пайызы киім мен 8 пайызы тері және былғары өнімдеріне тиесілі. Осы саладағы өнеркәсіптердің 90 пайызға жуығы шағын кәсіпкерліктерден тұрады.

«Біздің жұмыс істеп келе жатқан 15 жылдың ішінде 2010-2014 жылдарға арналған мәселелерді қарастырып, 2019 жылға дейінгі даму жолы шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Аталмыш бағдарламада нақты қадамдардың қарастырылмағаны жасырын емес», - деді Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы президенті Любовь Худова.

Оның айтуынша, Қазақстанда аталмыш өнеркәсіп түрін дамыту үшін шикізат қоры мол. Атап айтар бослақ, жүн мен мақта, терілерден тапшылық жоқ. Дегенмен еліміз сонда да шет елден осы шикізаттарды сатып алып отыр. «Ішкі нарықта қажетті текстиль және тігін өнеркәсібінің 10 пайызы, ал аяқ киім өнімдерінің тек 1 пайызы ғана өзімізде шығады», - дейді.

Өз кезегінде 2013 жылы жеңіл өнеркәсіп ресурстары жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлес салмағы 16,7% құраса, 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында 14% көлемінде болды.

Айта кету керек, жеңіл өнеркәсіптегі негізгі капиталға салынатын инвестиция республика бойынша 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1 411,3 млн теңгені құрады.

Индира Қауметова


Back to the list