02.12.2014
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында«Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Келісім екі ел азаматтарының 30 күн ішінде құзыретті органдарында міндетті тіркеусіз тараптардың аумағында болуының жеңілдетілген тәртібін белгілеуге бағытталған.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.