• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Еуразиялық экономикалық одақ біртіндеп дамуы тиіс – Тоқаев 24.11.2014

«Ресей және Беларусьпен бірлесе қолға алынған мегажоба – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысына кірісетін Еуразиялық экономикалық одақ Елбасымыздың ұлы бастамаларының бірі. ЕАЭО қатты серпідмей, ақырындап, бірте-бірте дамуы тиіс, әйтпесе интеграциялық қатынасымыздың арасына ақау түсіріп алуымыз ғажап емес. ЕАЭО бәрінен бұрын оның қатысушы мемлекеттері үшін пайдалы одақ болуы тиіс. Сонымен қатар, достық танытқан елге де пайдасын тигізуі керек. Одақтың барлық шешімдері консенсусты түрде шешілуі керек», - дейді Қ.Тоқаев.

Сенат спикерінің айтуынша, ЕАЭО елдерінің заң шығарушы органдарының алдында одақтың құқықтық базасын құру бойынша ауқымды міндеттемелер тұр.

«Бұл заң шығарушы органдардың үйлесімділігін, халықаралық келісімдерді ратификациялау процедураларының синхрондылығын, өзге де өңірлік экономикалық бірлестіктермен ынтымақтастық қатынастарды кеңейтуді талап етеді. Біздің ойымызша, аталмыш жұмыстарда ұлттық заң шығарушы және сараптамалық қауымдастықтың ғылыми-құқықтық әлеуеті пайдалануы керек», - дейді.

Оның айтуынша, мұнда халықаралық сараптамалар тарапынан мойындалған посткеңестің кеңістіктегі ең ұтқыр және тиімді қазақстандық заң шығару да қолданысқа түсе алар еді.

«Аталмыш интеграциялық бірлестік біздің елдерімізді жаңа деңгейге көтереді. Осы орайда мемлекеттік егемендікті сақтай отырып өзара ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі. Одақтың басты міндеттемесі – елдердегі азаматтардың әл-ауқатын көтеру, мемлекетімізді әлемдік экономикада жаңа белеске асыру», - дейді ҚР Парламенті Сенатының спикері.

Камила Амирова


Back to the list