24.11.2014
«2014 жыл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 20 жыл бұрын бастама етіп көтерген Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы бастамасының іске асырылған жылы ретінде тарихта қалады. ЕАЭО іс жүзінде құрылуы парадигмалардың алмасуы, көпполярлылық пен жаһандық тұрақсыздықтың уақытша нәтижесі ретінде көрініс тапты. Экономикалық интеграция алдымен ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен тұрақты экономика арқылы оны дамыту үшін жасалады», - дейді спикер.
Оның айтуынша, қазақстандық позиция осы орайда бизнесті дамыуға қолайлы жағдай қалыптастыру, халықты жұмыспен қамту, ұлттық экономиканы индустрияландыруды ынталандырушы күш ретінде интеграцияға басымдылық береді.
Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты оның құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктеріне ерекше талап қояды.
«Біздің мемлекеттеріміздің қабылдаған кез келген шешімдері мен заңдары тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына қолайлы жағдай жасап, экономикалық интеграцияны тереңдету, кәсіпкерлік және жұмыспен қамтуды қолдауға жұмыла қызмет етуі керек», - дейді төменгі палата спикері.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдылықтарына тоқталған Жақыпов стратегиялық бағыттар арасында ТМД аясындағы байланыстар мен Қытаймен арадағы ынтымақтастық, Орталық Азия мен Еуроодақ, сонымен қатар АҚШ-пен арадағы қатынасты ерекше атап көрсетті.
Камила Амирова