• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжіліс бюросы жалпы  отырыстың тақырыбын  анықтады 21.11.2014

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, депутаттар талқылауына бірқатар құжаттарды ратификациялайтын заң жобалары енгізіледі. Атап айтар болсақ, ол халықаралық әуе қатынасы туралы 2004 жылдың 19 қаңтарындағы Қазақстан-Беларусь үкіметаралық келісіміне енгізілген түзетулермен хаттама. Сонымен қатар, ТМД аясында құпия ақпараттарды сақтау туралы келісім.

Палатада Халықаралық теңіз ұйымдарына аудит өткізу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасын да екінші оқылымда талқыланбақ.  

Сонымен қатар, жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына тиісті комитеттің қорытынды дайындау мерзімін белгілеуді қарастыратын жаңа заң жобасы да енгізілмек. Бұл азаматтардың өзара қатынау шарттары туралы 2000 жылдың 7 шілдесіндегі қазақстан-өзбекстан үкіметаралық келісіміне енгізілген түзетулермен хаттаманы ратификациялау.  


Back to the list