19.11.2014
Келісім екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту, Қазақстан Республикасының Қытайдағы және Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің болуы мен жұмыс істеуінің тиісті жағдайларын қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды құжат болып табылады.
Комитеттің кеңейтілген отырысында «Дамуға ресми көмек туралы» заң жобасы да қаралды.
Заң жобасы Қазақстан Республикасымен ынтымақтасатын мемлекеттердің дамуына ресми көмек көрсетуге байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мақсатында әзірленді және дамуға ресми көмектің тиімділігін арттыру және жоспарлау мүмкіндіктеріне арналған жүйелі қадамдардың енгізілуімен дамуға ресми көмектің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бағытталып отыр.
Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды, ол қолданыстағы заңнамалық актілерді «Дамуға ресми көмек туралы» заң жобасының ережелерімен сәйкес келтіруге арналған.
Сонымен бірге БҰҰ деректері бойынша 2006 жыл мен 2011 жылдың шілдесі арасында Қазақстан шет мемлекеттерге гуманитарлық көмек ретінде 53,7 миллион АҚШ долларын бөлді, оның негізгі бөлігі Орталық Азияға жіберілді. 30 миллион АҚШ доллары көрсеткішімен аймақтағы гуманитарлық көмек беру көлемі бойынша Қазақстан үшінші орын алады.Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.