17.11.2014
Сенат төрағасы Бюро мүшелері мен аппарат қызметкерлерін Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыруға назар аудартты. «Елбасы Жолдауында күрделі және өзекті міндеттер қойылды, оларды қысқа мерзім ішінде орындау керек. Сондықтан да біздің мақсатымыз- Елбасы Жолдауын заңнамалық түрде қамтамасыз ету», - деді Қ. Тоқаев.
Сондай-ақ, Сенатта Бюроның тұрақты комиеттері мен Сенат аппаратына Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Отырыста Сенат делегациясының халықаралық парламент ұйымдарына шығу мәселесі талқыланды.