14.11.2014
«Мұндай шешім барлық деңгейдегі бюджет қаражатын жұмсауды қатаң партиялық бақылауды орнатуға қатысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында нұротандықтарға берген тапсырмасын іске асыру мақсатында қабылданды», - делінген хабарламада.
Комиссия «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту», «ТКШ инфрақұрылымын, су және жылумен қамуды жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту», «Индустриялды, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мен шағын және орта кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділікті қолдау», «Көлік-тасымал инфрақұрылымын дамыту» бағыттары бойынша құрылды.
Мәжілістің хабарлауынша, құрылған комиссиялар «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетімен тығыз байланыста болмақ.