14.11.2014
«Депутаттар Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда талқыға салады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мәжілісмендер назарына жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа енгізілімдерді екінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.
Жалпы отырыстың күн тәртібі бойынша халық қалаулылары Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы қазақстандық-әзербайжандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты бейінді комитетке қорытынды әзірлеу уақытын тағайындайды.