12.11.2014
«Жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілген заң жобаларын талқылай отырып палата депутаттары тараптар аумағында мемлекеттер азаматтарының келіп-кету тәртібіне қатысты Қазақстан-Беларусь келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Екі ел азаматтарының шыққан күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде екі елдің құзіретті органдарына тіркелмей тараптар мемлекеттер аумағына барып-қайтуы қарастырылған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мәжіліс отырысында Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы Келісімді (Ирригациялық және дренажды жүйені жетілдіру жобасының екінші толқыны) ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Ирригациялық және дренажды жүйе инфрақұрылымын 113 мың гектар аймақта қалпына келтіру мен жаңғырту, оны тұрақты басқару, пайдалануға беру мен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту қарастырылған.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен автоматтандыру мәселесі бойынша заңнамалық түзетулерді қарастыратын жаңа заң жобасын жұмысқа алды.